Accessibility links

Саакашвили прокуратураға жауап бермеді


Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті, украиналық саясаткер. Киев, 18 желтоқсан 2017 жыл
Михаил Саакашвили, Грузияның бұрынғы президенті, украиналық саясаткер. Киев, 18 желтоқсан 2017 жыл

Желтоқсанның 18-інде украиналық "Жаңа күштер қозғалысы" партиясының жетекшісі Михаил Саакашвили Киевтегі Бас прокуратураға барды. Бірақ ол тергеушілердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

Бас прокуратура Михаил Саакашвилиді 2014 жылы ақпанда биліктен тайған Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің тапсырысымен құрылған, Украинада жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды мақсат тұтатын "қылмыстық топқа септесті" деп айыптайды. Саакавшили тағылған айыптарды мойындамайды.

"Интерфакс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бас прокуратура ғимаратынан шыққан Саакашвили өзіне қатысты іс "заңға сәйкес" Украина қауіпсіздік қызметіне тапсырылған кезде ғана жауап беретінін айтқан.

Михаил Саакашвили Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға импичмент жариялауды талап етіп келеді. Желтоқсанның 8-інде Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили Киевте уақытша ұстау абақтысына қамалған. Жақтастарының наразылығынан соң желтоқсанның 12-інде Украина соты оны қайта босатқан.

XS
SM
MD
LG