Accessibility links

Түркия басылымы Мирзияевті өзгеріс әкелер басшылар ондығына енгізді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев.

Түркиядағы Derin Ekonomi экономикалық басылымының саяси шолушылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевті өз еліндегі және аймақтағы жағдайды өзгерте алатын әлемдегі он басшының тізіміне қосты.

Бұл туралы «Жахон» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлаған. Бұл тізімге өз еліндегі және аймағындағы қалыптасқан жағдайды түбегейлі шешімдерімен өзгерте алатын және халықаралық жағдайға белсенді түрде әсер етіп, әлемдік БАҚ-та «ньюсмейкерге» айналған тұлғалар қамтылған.

Мамандардың айтуынша, Мирзияев өзі президент болып сайланғаннан бастап елді жаппай либерализациялау бағытында реформалар жүргізе бастаған. Derin Ekonomi басылымы сарапшыларының пайымдауынша, құқыққорғау органдары, діни сенім бостандығы, еркін рынок, сыртқы сауданы либерализациялау бағытында Мирзияев түбегейлі шешімдер қабылдап, елдің шетел инвестициясы үшін тартымдылығын арттыра білген.

Шавкат Мирзияевтің өзге елдермен, соның ішінде іргелес елдермен байланысты түбірімен өзгертуге бағытталған қадамы да оның аталған тізімге енуіне әсер еткені айтылады.

XS
SM
MD
LG