Accessibility links

Сот: Актер Ерлан Біләл кепіл қойды


Ерлан Біләл, актер.
Ерлан Біләл, актер.

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләл кепіл төледі деп хабарлады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Қалалық сот ақпаратына қарағанда, 9 қаңтар күні Медеу аудандық 2-сотының судьясы Ерлан Біләлді кепіл төлеу түрінде бұлтартпау шарасын белгілеген. Бұдан соң күдікті 1 миллион 205 мың теңге кепіл төлеген.

Ерлан Біләл қаңтардың басында 1,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "кінәсін толық мойындағанына байланысты театр директоры тұтқындалған жоқ. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр" деп хабарлаған.

Тергеу дерегінше, Ерлан Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісінен жаңа жылдық театр қойылымдарын бірге өткізу туралы келісімге қол қою үшін пара алды деген күдікке ілінген.

Істің мән-жайы анықталғанға дейін Ерлан Біләл театр директоры қызметінен шеттетілген.

XS
SM
MD
LG