18 қаңтарда Нью-Йоркта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, оны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
Назарбаев әлем елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Қазақстан президенті "егер әлем елдері ядролық қаруға қатысты келіссөз өткізуді қаласа Қазақстан оларға алаң ұсынуға дайын" деді.
"Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы тәуелсіздігін нығайтып, әлем алдында бедел жинады. Әлем елдерін бізден үлгі алуға шақырамын. Кезінде Иранды [ядролық қарудан бас тартуға] шақырдық. Енді Солтүстік Кореяны шақырамыз" деді Назарбаев.
Қауіпсіздік Кеңесі төрағалығынан Қазақстан не ұтады?
Назарбаев қазір ғылыми жетістіктерді қару жасауға қолдану әлемге қауіп төндіріп тұрғанын, ғарыш әлемін әскери алаңға айналдырудың алдын-алу керектігін айтты.
Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.