Accessibility links

Мирзияевтің қызының қандай қызметке тағайындалғаны мәлім болды


Шахноза Умарова (сол жақта) және мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Шин.
Шахноза Умарова (сол жақта) және мектепке дейінгі білім министрі Агриппина Шин.

Өзбекстанның мектепке дейінгі білім беру министрлігінің сайтында хабарланғандай, президент Шавкат Мирзияевтің кенже қызы Шахноза Умарова мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған. Өткен жылы 18 желтоқсанда Шавкат Мирзияев өткізген селекторлық жиында Шахноза Умарова мектепке дейінгі білім беру министрі Агриппина Шинмен қатар отырған.

Мектепке дейінгі білім беру министрлігі 2017 жылы 30 қыркүйекте президенттің «Мектепке дейінгі білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру шаралары туралы» жарлығымен құрылған.

Өткен жылдың соңында билік Өзбекстанда Оңтүстік Кореяның тәжірибесі негізінде бала бақшалар құрылатынын хабарлаған болатын.

Бұдан ертерек Мирзияевтің қызының жақын серіктерінің бірі Шахноза Умарова әкесі президент болып сайланғанға дейін бірнеше жыл Оңтүстік Кореяда тұрғанын және енді ол тәжірибесі жаңа жұмысында пайдаға асуы мүмкін екенін хабарлаған.

31 жастағы Шахноза Умарова Отабек Умаровқа күйеуге шыққан. Кейбір өзбек БАҚ-ының жазуынша, Умаров Мирзияевтің «жеке күзетшісі» саналады. Өткен жылдың басында Eltuz.com интернет басылымы Мирзияев кіші күйеубаласы Отабек Умаровты президенттің қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алғанын хабарлаған болатын. Сайт ақпаратына қарағанда, Умаров 2017 жылы қаңтардың басында президент қауіпсіздік қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG