Accessibility links

Илья Ильинді жарыстан шеттету мерзімі ұзартылды


Илья Ильин, қазақстандық ауыр атлет.
Илья Ильин, қазақстандық ауыр атлет.

Халықаралық ауыр атлетика федерциясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді екі рет допинг қолданғанына қарамастан неліктен жарыстан өмір бойына шеттетілмегенін түсіндірді. IWF ақпаратына қарағанда, Ильинді жарыстан шеттету мерзімі 2018 жылдың 19 қазанында аяқталады.

IWF былтыр желтоқсанда екі олимпиада жүлдесінен айырылған Илья Ильинді екі жылға жарыстан шеттеткен болатын. Ол кезде Ильиннің жаза мерзімі тәртіп бұзған кезден, яғни 2016 жылғы маусымның 10-ынан бастап есептелетіні хабарланған.

Илья Ильинге қарсы тәртіптік істі тергеуді аяқтаған федерация Ильин алғаш допинг туралы ережені бұзғанда ол туралы хабардар етілмегендіктен оның екінші рет допинг қолдануы ереже бойынша бір заң бұзушылық ретінде бағаланғанын айтады. Ереже бойынша, допинг қолданбау талабын екі рет бұзған спортшы жарыстан өмір бойы шеттетіледі.

Халықаралық олимпиада комитеті (IOC) 2016 жылы 2008 жылғы Пекиндегі және 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойындарының сынамаларын қайта тексерген. IOC Ильиннің осы екі олимпиададағы анализдерінен допинг табылғанын хабарлап, ресми жарыстағы нәтижелерін жойған.

Илья Ильиннің әлем және Азия ойындарында алған медальдары сақталады.

XS
SM
MD
LG