Accessibility links

Ислам Каримовтың жиені Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады


Кіші Ислам Каримов, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен жиені.
Кіші Ислам Каримов, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың үлкен жиені.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің үлкен жиені, 25 жастағы Ислам Каримов Ұлыбритания үкіметінен саяси баспана сұрады. Бұл жөнінде BBC-дің Өзбек қызметі кіші Ислам Каримовтің адвокатына сілтеме жасап хабарлады.

2016 жылы қыркүйекте өмірден өткені хабарланған Ислам Каримовтың жиені саяси баспананы бір ай бұрын сұраған. Кіші Ислам Каримов қазір Лондонда тұрып жатыр. Оның анасы Гүлнара Каримова Өзбекстанда тұтқында отыр.

Былтыр Өзбекстан бас прокуратурасы 2015 жылдың тамыз айында Каримоваға қатысты сот болғанын, сот шешімімен оны салықтан жалтарды, мемлекет қаржысын ұрлады және оффшордағы компанияларының құжаттарын жойып жіберді деген айыптармен бас бостандығы 5 жылға шектелгенін хабарлған.

Кейін Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, бұл жолы оған алаяқтық жасады, көлеңкелі табысын заңдастырды, шетел валютасын жасырды деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG