Бішкектегі «Ош» базарында шыққан өрт оқшауланып, жан-жағына таралу қаупі жойылды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауына қарағанда, өрт аумағы үш жарым мың шаршы метрге жетеді деп болжам жасалып отыр. Оқиға орнында өрт себебін анықтайтын арнайы зертхана жұмыс істеп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, өрт он шақты павильонды шарпыған. Өрт 30 қаңтар күні таңертең басталды.