Accessibility links

Украина Саакашвилиге босқын мәртебесін бермеді


Михаил Саакашвили Петр Порошенкоға қарсы наразылық акциясында. Киев, 4 ақпан 2018 жыл.
Михаил Саакашвили Петр Порошенкоға қарсы наразылық акциясында. Киев, 4 ақпан 2018 жыл.

Киев соты Грузияның бұрынғы президенті әрі украиналық «Жаңа күштер қозғалысының» жетекшісі Михаил Саакашвилидің Украинадан саяси баспана беру туралы өтінішін орындаудан бас тартты.

Саакашвили адвокаттарының сөзінше, оны енді Грузияға экстрадициялауы мүмкін. Адвокаттар Киев сотының шешіміне қарсы Украина Конституциялық сотына шағымданбақ.

2017 жылы шілдеде Украина президенті Петр Порошенко Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырған. Киев Саакашвили азаматтық алу кезінде «жалған ақпарат бергендіктен және Грузияда өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын айтпағандықтан» азаматтықтан айырылғанын айтады.

Былтыр қыркүйекте Саакашвили Украина миграциялық қызметінен өзіне босқын мәртебесін беруді сұраған. Қаңтардың 3-і күні Киев соты саясаткерді босқын немесе Украина азаматтығынан айырылғаннан кейін қосымша қорғауға мұқтаж адам деп танудан бас тартқан.

5 қаңтарда Тбилиси қалалық соты Саакашвилиді Грузия президенті болып тұрғанында қызмет бабын қасақана асыра пайдаланды деп айыптап, сырттай үш жылға соттаған. Михаил Саакашвили Украина билігі өзін елден шығарып жіберу үшін босқын мәртебесін беру туралы ісін қарауды әдейі жеделдетіп жатыр деп біледі.

XS
SM
MD
LG