Пхенчханда олимпиада құрамасы сапында жарысқа қатысатыy ресейлік атлеттер алғашқы жарысы керлинг матчында ұтылып қалды. Ал өзге ресейлік атлеттер өздерін осы олимпиадаға қатыстырмау туралы шешімге шағымданып жатыр.
8 ақпан күні таңертең америкалық дуэт Мэтта және Бекки Гамильтондар ресейлік дуэт Анастасия Брызгалова мен Александр Крушельницкийді жұптық сайыста 9:3 есебімен ұтты. Бұл матч 9 ақпанда ресми түрде ашылу салтанаты өтетін олимпиаданың алғашқы ойыны саналады.
Ресейлік атлеттер бұл олимпиадаға «Ресейден келген олимпиада спортшылары» құрамында қатысады. Ал Солтүстік Корея атлеттері Оңтүстік Корея құрамасымен бір команда болып жарысқа шығады.
Былтыр желтоқсанда Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресей құрамасын 2014 жылы Сочи олимпиадасында спортшылары допинг қолданбау ережесін бұзды деп Пхенчхандағы олимпиададан шеттеткен. Ресей билігі бұл айыптауды жоққа шығарған.
Ал ХОК допингке қарсы ережені бұзбаған 169 ресейлік атлеттің «Олимпиада құрамасы сапындағы бейтарап спортшы» ретінде жарысқа қатысуына рұқсат берген.