Accessibility links

СІМ: Ресейдегі өрт құрбандары арасында қазақстандықтар жоқ


Өртенген сауда және ойын-сауық орталығы үстіндегі түтін. Кемерово, Ресей, 25 наурыз 2018 жыл.
Өртенген сауда және ойын-сауық орталығы үстіндегі түтін. Кемерово, Ресей, 25 наурыз 2018 жыл.

"Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда орталығында шыққан өрттен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары бары туралы мәлімет түскен жоқ" деп хабарлады Азаттыққа Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметкері Алмас Бүркітбаев. Ол министрлік консулдық қызметтен қосымша ақпарат күтіп отырғанын айтты.

Қазақстан президенті әкімшілігі 26 наурызда Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жариялады. Жеделхатта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кемероводағы сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра қабылдағаны айтылады.

Ресей билігінің мәліметінше, 25 наурызда "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 48 адамға жетті. Ондаған адам зардап шегіп, 16 адам із-түзсіз жоғалды делінеді.

Кемероводағы өрт

XS
SM
MD
LG