Accessibility links

Мәжіліс адвокаттық қызмет туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады


Журналистер әділет министрі Марат Бекетаевтан сұхбат алып тұр. Астана, 28 наурыз 2018 жыл.
Журналистер әділет министрі Марат Бекетаевтан сұхбат алып тұр. Астана, 28 наурыз 2018 жыл.

Қазақстан парламентінің мәжілісі 28 наурыз күні пленарлық отырысында адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Халықаралық заңгерлер комиссиясы (International Commission of Jurists) бұған дейін ол жобаның бірқатар нормасын адвокаттар тәуелсіздігін шектейді деп бағалаған. Былтыр қазанда қазақстандық адвокаттар Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа үндеу жолдап, заң жобасын қайта дайындауға жөнелтуді сұраған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасында "адвокаттардың өзін кәсіби этикалық ұстауы нормаларын сақтау, тәртіптік өндірістің шынайы және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету үшін" екі сатылы тәртіптік комиссия құру қарастырылған.

"Бұл - бәсекеге қабылеттілік пен адвокат қызметінің сапасын жақсартуға септеседі" деп мәлімдеді мәжілісте заң жобасын таныстырған Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев.

Министр заң жобасына ілеспе түзетулер мен өзгерістер жобасында адвокаттық қызметін бастау үшін жарна төлеу тәртібін жою қарастырылғанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда адвокаттық қызмет нарығы "жеткілікті түрде дамымаған және дамыған елдердегі көрсеткішке сай емес". Бекетаев адвокаттық қызмет жасағысы келгендердің алғаш төлейтін жарнасын жою бәсекелестікті жоғарылатып, заңгерлер санын көбейтуге мүмкіндік тудыратынын айтады.

Оқи отырыңыз: Адвокаттар жаңа жобадан "қолайсыздармен күресті" байқаған

Құжатта бұдан өзге сотта клиентінің құқығын қорғайтын адамды заң кеңесшілері палатасында тіркеуде тұруға міндеттейтін, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізетін бап бар. Бұған қоса заң жобасында "Е-адвокатура" ақпараттық жүйесін құру және адвокаттық ордерді жою жайы қарастырылған.


XS
SM
MD
LG