Accessibility links

Ресей 23 мемлекеттің дипломатын елден шығармақ


Мәскеудегі Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты
Мәскеудегі Ресей сыртқы істер министрлігі ғимараты

Ресей сыртқы істер министрлігі өз дипломаттарын шығарып жіберген 23 мемлекетке "айна-қатесіз жауап берілетіні" туралы мәлімдеді.

Мәскеудің шешіміне сәйкес, Албания, Германия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Македония, Молдова, Нидерланд, Норвегия, Польша, Румыния, Украина, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Швеция жәнеЭстония дипломатиялық миссияларының қызметкерлері – 150 -ге жуық адам – сәуірдің 7-сіне дейін Ресей аумағынан шығып кетуі тиіс.

Бұған қоса Ресей сыртқы істер министрлігі осыған дейін Ұлыбританиямен ынтымақтастық белгісі ретінде орыс дипломаттарын елден кетірген Бельгия, Венгрия, Грузия мен Черногорияға қатысты да "жауап шара" қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеген.

Оқи отырыңыз: "Долы риториканың күні өтті"

Бұған дейін Ресей билігі америкалық 60 дипломатты елден шығарып, Санкт-Петербург қаласындағы АҚШ бас консулдығын жабу туралы шешімін жариялаған. Кремль Лондоннан Ресейдегі британ дипломатиялық миссияларында жұмыс істейтін адамдарының санын Ұлыбританиядағы ресейлік дипломат қызметкерлер санымен теңестіруді талап еткен.

Кремль бұрынғы ресейлік әскери барлау офицері Сергей Скрипаль мен қызы Юлияны Ұлыбританияда улау ісі бойынша сұрақтарға жауап беруден бас тартқаннан кейін шет мемлекеттер 150-ге жуық ресейлік дипломатты елден шығарып жіберген. Мамандар әкелі-балалы Скрипальдарды СССР кезінде жасалған "Новичок" атты жүйкені жансыздандыратын затпен улаған деген тұжырым жасаған. Лондон Ұлыбритания территориясында "химиялық қару қолданып жасалған қылмыстың артында Кремль тұр" деп санайды. Мәскеу "Скрипаль ісі" бойынша өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG