Accessibility links

Пашинян Арменияны басқаруға дайын екенін мәлімдеді


Никол Пашянин, Армения парламентінің депутаты, оппозиция жетекшісі.
Никол Пашянин, Армения парламентінің депутаты, оппозиция жетекшісі.

Армения парламентіндегі оппозициялық депутат, қарсылық қозғалысының жетекшісі Никол Пашинян егер халық қаласа елді басқаруға дайын екенін мәлімдеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Осман империясында армяндардың жаппай қырылғанын еске алатын 24 сәуір күні мыңдаған адамды Еревандағы ескерткіш кешенге бастап барған Пашинян журналистерге Серж Саргсян басқаратын Республикалық партияның "билігі аяқталғанын" айтты.

25 сәуірде Пашинян мен премьер-министр міндетін атқарушы Карен Карапетян үш миллион халқы бар Армениядағы жағдайды реттеу жолдарын талқылайды деп күтіліп отыр.

Бірақ Пашиняннің "Азаматтық келісім" партиясының басқарма мүшесі Тигран Авинян кеше Азаттыққа ол кездесудің болмайтынын айтып, басқа комментарий беруден бас тартқан.

Пашинян бұған дейін 25 сәуірдегі келіссөзде "билікті ешбір күйзеліссіз тапсыру" мәселесі талқылануы тиіс екенін мәлімдеген. "Республикалық партияның бір де бір өкілі премьер-министр болмайды" деді Пашинян.

Карапетян 24 сәуірде Армения президенті Армен Саркисяннен елдегі саяси жағдайды және мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу ықтималдығын талқылау үшін "парламентке кіретін парламент құрамында жоқ барлық саяси күштердің" кездесуін ұйымдастыруды сұрағанын хабарлаған.

23 сәуірде Армения премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кеткен. Ол оппозиция 11 күн өзіне қарсы шеру өткізген соң осындай шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG