Accessibility links

Ердоған Ұлыбританияны "нағыз дос" деп атады


Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлыбританияға үш күндік ресми сапары кезінде бұл елді "одақтас, стратегиялық әріптес және нағыз дос" деп атады.

"Түркия мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестікті екі ел мүддесі есебіне құрылған жай ғана таңдау емес, мұқтаждық деп білемін" деп мәлімдеді Ердоған Ридингтегі британ-түрік форумында.

Ердоған Ұлыбритания үкіметі Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін қатаң айыптағанын еске салып, Анкара Лондонның "мұндай тілектестік білдіргенін өмір бойы ұмытпайтынын" айтты. Ердоған Түркияның Ұлыбританиямен тауар айналымы көлемін арттырғысы келетінін және бұл ел 2019 жылы наурызға қарай Еуропа Одағынан шығуға дайындалып жатқан шақта қауіпсіздік саласында бұрынғыдан да тығыз ынтымақтастық орнатпақ ниеті барын білдірді.


Түркия мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары нашарлап кеткен. Анкараның ЕО-ға қосылуы жөніндегі келіссөзі Батыс елдері Түркияны төңкеріс әрекетінен соң билікке сыни көзқарастағыларды қудалағаны үшін айыптаған соң тоқтап қалған.

Режеп Тайып Ердоған 15 мамырда патшайым Елизвета ІІ-мен және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен кездеседі.

XS
SM
MD
LG