Accessibility links

Қадыров: Париждегі шабуылға күдіктінің ісіне Франция жауапты


Парижде ер адам пышақпен көшедегі жұртқа шабуыл жасаған аумақта жүрген қауіпсіздік қызметінің сарбаздары. Франция, 12 мамыр 2018 жыл.
Парижде ер адам пышақпен көшедегі жұртқа шабуыл жасаған аумақта жүрген қауіпсіздік қызметінің сарбаздары. Франция, 12 мамыр 2018 жыл.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Парижде көшедегі адамдарға шабуыл жасаған Шешенстан тумасы француз қоғамында өсті, сондықтан оның қылмысына Францияның өзі жауапты деп біледі деп хабарлады Азаттықтың Кавказ редакциясы.

"Ол Шешенстанда туды, бірақ француз қоғамында өсіп, ер жетті, көзқарасы мен сенімі сол жақта қалыптасты" деп жазды Қадыров Telegram-дағы каналында.

12 мамыр күні Парижде пышақ ұстаған ер адам Париж операсына жақын көшеде жұртқа шабуыл жасаған. Шабуылдан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланған. Күдіктінің өзін полиция атып өлтірген.

Бұған дейін франциялық ақпарат құралдары шабуыл жасаған күдіктіні 21 жастағы Шешенстанда туған Хамзат Азимов екенін, 2014 жылы Франция азаматтығын алғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG