Accessibility links

Грузияда НАТО әскери-теңіз жаттығулары өтіп жатыр


Британдық HMS Duncan кемесі
Британдық HMS Duncan кемесі

Грузияның Поти портындағы кемежайда НАТО-ға мүше елдерге тиесілі төрт кеменің қатысуымен әскери-теңіз жаттығулары басталды. Грузия тарапынан оған ішкі істер министрлігінің жағалау күзетінің шағын кемелері ғана қатысып жатыр, себебі 2008 жылы болған “бес күндік соғыста” Ресей әскерилері Поти портына басып кіріп, Грузияның барлық дерлік теңіз-әскери күштерін жойып тастаған еді.

НАТО-ның корабльдер тобын басқарушы Майкл Атлидың айтуынша, ортақ жаттығудың мақсаты – Грузия мен Солтүстік атлантикалық одаққа мүше елдерінің әскери құрылымының бірігіп әрекет ету үйлесімділігін арттыру.


НАТО-ның екінші тұрақты әскери-теңіз тобына тиесілі ірі кемелері Грузияға алғаш келіп отырған жоқ. 2017 жылы қараша айында бұл кемелер Батуми портына барған. Жаттығуға қатысып жатқан ірі кеменің бірі - SNMG2 Жерорта теңізінде “Теңіз күзеті” (Sea Guardian) операциясын қолдауға қатысып, халықаралық теңіз хабарламаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. SNMG2 сонымен бірге НАТО-ның жылдам жауап беру күшінің құрамына кіреді.

Әскери-жаттығу мамырдың 18-іне дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG