Accessibility links

Венесуэлада оппозиция сайлау қорытындысын мойындамады


Венесуэла президенті Николас Мадуро
Венесуэла президенті Николас Мадуро

Николас Мадуро Венесуэладағы президенттік сайлауда көпшілік дауыспен жеңіске жетті. Бұл турасында хабарлаған ұлттық сайлау кеңесінің дерегінше, Мадуроға сайлаушылардың 68 пайызы, оның басты қарсыласы Энри Фалькоға - 21 пайызы дауыс берген.

“Бейбітшілік және демократия жеңді” деді Мадуро.

Сайлау нәтижесі хабарланбай тұрып Фалькон сайлау қорытындысын мойындамайтынын айтқан. Оны заңсыз деп есептейтінін айтып, қайта сайлау өткізуге шақырған.

Фалькон жексенбі күні жетекші партия өкілдерінің тұрғындар төлқұжаттарын сканерлеп жүргені туралы жүздеген шағым алғанын айтқан. Мұндай жағдай тіпті сайлау учаскесінің өзінде де болып, жетекші партия өкілдері тұрғындарды Мадуроға дауыс беруге үгіттеген. Ал кейбір оппозиция тарапының бақылаушылары сайлау учаскелеріне жіберілмей, тіпті біреуі соққыға ұшыраған.

Ұлттық сайлау кеңесінің президенті Тибисай Луцена сайлауға халықтың 46 пайызы қатысқанын хабарлады. Бірақ сайлауға байкот жариялаған оппозиция өкілдері дауыс беру құқығына ие 20,5 миллион адамның тек 30 пайыздан жуығы ғана қатысқанын айтқан.

Сарапшылар Мадуроның жеңісі АҚШ-тың оған тағы бір мәрте санкция жариялауына себеп болуы мүмкін деп болжайды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хизер Нойер сайлауды “заңсыз” деп атады. Николас Мадуро екінші мәрте алты жылға сайланып отыр.


XS
SM
MD
LG