Accessibility links

Ресейде оқушы митинг өткізуге өтініш берді


Бийск гимназиясының 10-сынып оқушысы Максим Неверов
Бийск гимназиясының 10-сынып оқушысы Максим Неверов

Ресейдің Бийск қаласында тұратын оқушы Максим Неверов қала әкімдігіне бірнеше митинг өткізу туралы өтініш берді. Неверов бұған дейін “Он нам не царь” наразылық шарасын ұйымдастыруға үлес қосқаны үшін гимназияда проблемаларға тап болған еді.

Белсенді өткізейін деп отырған наразылық шараларының атауы әртүрлі. Неверов ресейлік "Сибирь.Реалии" басылымына осылайша шенеуніктердің реакциясын сынап көргісі келетінін айтқан.

Қала әкімдігіне оқушыдан 11 митинг өткізуге қатысты өтініш түскен. Олардың арасында “Гейлердің құқығы үшін”, “Путиннің отставкасы үшін”, “Владимир Путинді әулие деп атау үшін” т.б атаулар бар.

“Бізге әкімшіліктің қандай митингке рұқсат беріп, қайсысына рұқсат бермейтінін тексеру маңызды. Мен бұл ескертулерді перформанм ретінде қарыстырған болар едім. Үш күннің ішінде қандай да бір нәтиже аламыз деп үміттенеміз. Білуімше, жауап ретінде шенеуніктер маған ескертпей, жеке деректерім көрсетілген өтініштердің барлығын интернетке жариялап қойған” деді Неверов.

2018 жылы 5 мамырда Бийск гимназиясының 10-сынып оқушысы Максим Неверов Навальный жақтастарының рұқсат етілмеген митингісін қалада өткізген. Оған шамамен 50 адам жиналған. Бұдан соң ол өзін мектептен шығарайын деп жатқаны туралы біліп, бұған қоса мектеп директорының тәрбие істері жөнінде директор орынбасарының сыйлығын кері қайтаратыны туралы естіген. Жасөспірімнің айтуынша, мектеп әкімшілігі өзі туралы ақпарат құралдары жаза бастаған соң мұны жасамаған.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың “Он вам не царь” жалпыресейлік акциясынан кейін бірнеше депутат рұқсат етілмеген акция ұйымдастырушыларына оған балалар мен жасөспірімдерді қатысқаны үшін айыппұл салу туралы ұсыныс айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG