Accessibility links

Польша премьері "Солтүстік ағын-2" жобасын гибридті соғыс құралы деп атады


Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Варшава, 28 мамыр 2018 жыл.
Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий (оң жақта) мен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Варшава, 28 мамыр 2018 жыл.

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Ресейдің "Солтүстік ағын-2" жобасын гибридтік соғыс құралы деп атап, Мәскеу оны Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін бұзуға және Еуропа Одағы мен НАТО арасына сызат түсіруге қолданғысы келеді деп мәлімдеді. Варшавада НАТО Парламенттік ассамблеясының отырысында Моравецкий "Солтүстік ағын-2" жобасын "Еуропа қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және оның ауыр әсері ұзақ уақыт сезіледі" деп атады.

"Солтүстік ағын-2" жұмыс істеп тұрған "Солтүстік ағын" газ құбырының күшін еселейтін даулы жоба саналады. Ол Балтық теңізінің табаны арқылы тартылып, Германияға газ жеткізеді. АҚШ, Польша, Балтық бойы елдері мен Еуропа Одағының бірнеше мемлекеті "Солтүстік ағын-2" жобасына алаңдап отыр. Бұл жоба іске қосылса Еуропаға Украина аумағын айналып өтіп газ жеткізу мүмкіндігі туындайды және Мәскеудің ықпал ету тетігі көбейеді.

Бұған дейін ассамблея отырысында Польша президенті Анджей Дуда да Ресейдің Еуропадағы жоспарларына алаңдаған. "Мәскеу Совет одағының ыдырағанына ешқашан көндіккен емес. Грузияға шабуыл, Қырымды заңсыз аннексиялап алу және Украина шығысына басып кіру Ресейдің түпкі пиғылын анық көрсетеді" деді Анджей Дуда.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG