2017-2018 жылдарға арналған әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша жолдары ең жақсы және ең нашар елдердің рейтингі жарияланды. Рейтингте 137 мемлекет қамтылған. Рейтингте жолдардың ұзындығы мен сапасы бірден жетіге дейінгі шкала бойынша есептеледі.
Рейтингті түзгендер Қазақстанда жолдардың жағдайы нашарлап бара жатқанын айтады. Бұл ел рейтингте 2,9 баллмен 115-орында тұр. Осындай балл иеленген Ресей Қазақстаннан бір орын жоғары тұр.
Оқи отырыңыз: 8 километрін жарты сағатта әзер өтетін жол
Жолы ең жақсы бес ел тізімінде Біріккен Араб Әмірліктері (6,4 балл), Сингапу (6,3 балл), Гонконг (6,2 балл) және Нидерланд (6,1 балл) ілінген.
Тізімнің соңында 2,1 балл иеленген Гаити мен Конго Демократиялық Республикасы және 2 баллмен Мавритания тұр.
Жол инфрақұрылымының жай-күйі Дүниежүзілік экономикалық форум жыл сайын таныстыратын әлемдік бәсекеге қабілеттілік туралы есебі аясында бағаланып отыр.
ПІКІРЛЕР