Accessibility links

Адвокат: Трамп "Ресей ісімен" сотталғандарға рақымшылық жасамайды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамптың мүддесін қорайтын адвокат Руди Джулиани мемлекет басшысының "Ресей ісі" бойынша сотталғандарға әзірге рақымшылық жасау жоспары жоғын, бірақ мұндай құқықты арнайы прокурордың тексеруі аяқталған соң пайдалануы мүмкін екенін мәлімдеді.

CNN бағдарламасында сөйлеген Джулиани қазіргі уақытта рақымшылық жасауға қажеттілік жоғын және мұндай қадам "ешқандай қылмыс жасалмаған жерде әділетсіз тергеу жүргізіліп жатқанын көрсететін өте айқын картинаны" бұлыңғыр етуі мүмкін екенін айтты.

Трамптың адвокаты президент рақымшылық жасау құқығын пайдалануды өз еркіне қалдыратынын және оны арнайы прокурор Роберт Мбллердің тергеуі аяқталған соң, егер күдіктілерге "әділетсіздік" жасалды деп тапса ғана қолданатынын айтты.

"Америка даусы" (Voice of America) радиосының хабарлауынша, соңғы бірнеше аптада Дональд Трамп бірнеше мың белгілі консерватор өкілдеріне рақымшылық жасаған. Бірақ олардың ешқайсысының арнайы прокурор Роберт Мюллердің тергеуіне қатысы жоқ адамдар.

Бұған дйін Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорт қамауға алынған. Федералдық сот Манафорт Ресеймен байланысты тергеудегі куәгерлерге ықпал етуге тырысты деген күдік туған соң оны үйқамаққа алу туралы қаулысын жойған.

Роберт Мюллер АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің ықтимал килігуін тергеуге басшылық жасайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG