2020 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы Қазақстанның Шымкент қаласы болады деп хабарланды ТМД атқару комитетінің ресми сайтында.
"2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында "Достастықтың мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасын 2018 жылы Арменияда (Горис қаласы), 2019 жылы Беларусьте (Брест қаласы), 2020 жылы Қазақстанда (Шымкент қаласы) іске асыру туралы шешім қабылданды" делінген хабарламада.
19 маусымда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы" жарлық шығарған. Ол бойынша, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы деп өзгертілген. Облыс орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылған.
ПІКІРЛЕР