Accessibility links

Министр: Астана тойына тартуды демеушілер жасап жатыр


Астананың орталығы (Көрнекі сурет).
Астананың орталығы (Көрнекі сурет).

Облыстардың Астананың 20 жылдығына жасаған тартуы мен сыйы жергілікті бюджет қаржысы есебінен төленбейді деп мәлімдеді Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Астанада үкімет отырысынан соң Азаттық тілшісі Тимур Сүлейменовке "Аймақтардың Астанаға жасаған тартуына қаржы қайдан алынады және ол тарту мен сый жасаудың кестесі я тізімі бар ма?" деп сұрады.

Министр Астананың мерейтойына тарту мен сыйға жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалмайтынын, оны "демеушілер мен бизнесмендер өз қаржысына және өз еркімен сыйлайтынын" айтты. Министрдің сөзінше, тарту мен сый ерікті түрде болғандықтан, оның бекітілген тізімі я кестесі жоқ.

Оқи отырыңыз:Министр Астананың 20 жылдығына бөлінген 19 млрд туралы айтты

Бірнеше облыс биыл Астананың 20 жылдығына деп қалада түрлі әлеуметтік, мәдени-көпшілік нысандарын салып, тарту жасап жатыр.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың үкімет отырысында мәлімдеуінше, 1997 жылдан 2018 жылға дейінгі уақытта Астананы салуға 5,3 триллион теңге жұмсалған. Оның сөзінше, Астанаға салынған инвестиция 20 жыл бұрынғы көрсеткіштен 50 есеге ұлғайған.

"Астанаға бюджет есебінен тыс салынған инвестиция 80 пайызды құрады, 20 жылда Астана құрылысына 2,3 триллион теңге салынды. Яғни, Астананың дамуына мемлекеттен жұмсалған қаржы үш еседен көп болып қайтарылды" деді Сағынтаев.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG