Accessibility links

Трамп НАТО-дағы одақтастарын "жарнаны кешіктірді" деп айыптады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дағы одақтастарын қорғанысқа бөлетін қаржысын азайтып қана қойған жоқ, альянсқа төлейтін жарнасын да кешіктіріп жатыр деп айыптады. Ақ үй басшысы бұл туралы 10 шілде күні - Брюссельде өтетін НАТО саммитінің қарсаңында Twitter-де жазды.

Оның сөзінше, "АҚШ-тан өздерін қорғауды күтетін НАТО-ға мүше көп ел" "жалпы ішкі өнім көлемінің екі пайызын қорғанысқа бөлу" ережесін бұзып қана қоймай, "жарналық төлемді тым кешіктіріп отыр". Трамп серіктестерін НАТО бюджетіндегі жетпейтін қаржының орнын толтыруға шақырды.

Дональд Трамп тағы бір твитінде Еуропа Одағының билігі "америкалықтардың Еуропада бизнес жасауына рұқсат бермей отырғанын"мәлімдеді. Трамп осылай бола тұра Еуропа Одағының АҚШ-тан НАТО аясында өздерін қорғауды талап етуін "әділетсіздік" деп атады.

Трамп бұған дйін 16 шілдеде Хельсинкиде кездесетін Ресей президенті Владимир Путин еуропалық саясаткерлерге қарағанда "әлдеқайда қарапайым" болып шығуы мүмкін екенін айтқан. Ол кезде де АҚШ президенті НАТО мүшелерін қорғанысқа АҚШ-пен салыстырғанда "әлдеқайда аз қаржы жұмсайды" деп сынаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG