Accessibility links

Қапшағайда бір күнде төрт адам суға батып кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шілденің 15-і күні Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында төрт адам суға кетіп мерт болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, жексенбі күні таңғы сағат алты кезінде қалалық жағажай маңында суға түсіп жүрген 1990 жылы туған әйел батып кеткен. Арада алты сағат өткенде тағы да сол жағажай аймағында 1995, 1998 және 2002 жылдары туған үш адам суға кетіп ажал құшқан.


Жексенбі күні Қызылорда облысындағы Көксу көлінде 1969 жылы туған ер адам суға батып кеткен деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG