Accessibility links

Қырғызстанда жыл басынан бері 70-тен аса адам суға батқан


Ыстықкөлдегі демалыс. (Көрнекі сурет.)
Ыстықкөлдегі демалыс. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстанда биылғы жылдың басынан бері 72 адам – 46 ер адам, 7 әйел және 19 бала суға атып мерт болған. Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көбі Шу облысында тіркелген. Сонымен бірге Бішкек, Жалал-Абад, Ош және Ыстықкөл облыстарында біршама адамның ажалы судан келген.


Бұған дейін қырғыз үкіметі ашық су қоймаларының маңында ойнау балалар өміріне қауіпті екені, ол үшін ата-анаға жауапкершілік жүктелетіні туралы ескерткен. Бұл өзекті мәселені шешу үшін тұрғындармен алдын ала түсінік жұмыстарын жүргізу және оған жергілікті билікті тарту қажеттігі айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG