Accessibility links

Петропавлда коммуналдық базар өртенді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында сенбі күні коммуналдық базар өртенді. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коммуналдық базар орналасқан үш қабатты ғимараттың өртеніп жатқаны туралы хабар сағат 10:15 кезінде түскен. Болжам бойынша, өрт ғимараттың екінші қабатынан шыққан.


"Өрт сөндіруге 100-ден астам адам мен 21 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт сағат12:07 кезінде толығымен сөндірілді. Ғимараттан 90-нан астам адам шығарылды, зардап шеккендер жоқ, өрт аумағы 600 шаршы метрді құрады", - делінген ақпаратта.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG