Accessibility links

Шымкентте полиция ұстаған саудагерлерді босатты


Полиция қызметкерлері орталық базар алдында сауда орнын бұзуға қарсылық танытқан әйелді әкетіп барады. Шымкент, 30 шілде 2018 жыл.
Полиция қызметкерлері орталық базар алдында сауда орнын бұзуға қарсылық танытқан әйелді әкетіп барады. Шымкент, 30 шілде 2018 жыл.

Шілденің 30-ы күні Шымкентте орталық базар алдындағы сауда орындарын сүруге қарсылық танытқан саудагерлерді ұстаған полиция Азаттыққа олардың босатылғанын хабарлады.

Түркістан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, орталық базар алдындағы сауда орындарын сүру кезінде полицияға бағынбай дауыс көтергені үшін Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне екі әйел жеткізілген. Олар түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң босатылған.

Сауда орындарын сүру кезінде полиция ұстаған бір әйел оқиға орнында талып қалып, жедел жәрдем қызметі оған көмек көрсетті.

Сауда орындарын сүру кезінде полиция қарсылық білдірген әйелдерді арнайы қоршаудан шығарғаннан соң босатты.

Базар сүрілерде бірнеше саудагерді полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:48 0:00

Cот бұзуға шешім шығарған 34 дүңгіршектің саудагерлері кеше сауда орындарын сүруге қарсылық танытып, түнде бала-шағасымен дүңгіршектерде түнеген. Сүру жұмыстары басталмай тұрып сот орындаушылары саудагерлерге сүруге қарсылық танытса бес тәулік әкімшілік қамауға алынатынын немесе айыппұл салынатынын ескерткен. Бірақ саудагерлер оны елемей, сүру жұмыстарына қарсылық көрсеткен соң бес әйелді полиция ұстап, көлікке отырғызып алып кеткен. Дүңгіршектерінен шықпай отырған біраз саудагерді полиция қызметкерлері күшпен сыртқа шығарған.

Шілденің 28-і күні сот орындаушылары саудагерлерді сауда орындары мен дүңгіршектерін бұзу туралы сот шешімімен таныстырып, екі күнде орындарын босатуды талап еткен. Түркістан облыстық соты 27 шілде күні 34 дүңгіршекті "заңсыз салынған" деп танып, бұзу туралы шешім шығарған. Ал дүңгіршектер орналасқан жердің өзін мемлекетке қайтару туралы сот шешімі 2015 жылы шыққан.

Саудагер Алтынай Нарымбетова бұған дейін Азаттыққа екі күнде басқа жақтан орын тауып, дүңгіршектерін босата алмайтындарын айтқан. Олар билік орындары өздеріне екі ай уақыт берсе, сатушылар базардан өз еркімен кетуге дайын екенін жеткізген. Прокурорлар саудагерлерге базардың ішінен орын тауып беруді ұсынғанымен, сатушылар "базарда сауда болмайды" деп, көшуден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG