Accessibility links

Прокурор: Манафорт миллиондаған доллар табысын жасырған


Пол Манафорт, Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.
Пол Манафорт, Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафортқа АҚШ-тың салық және банкке қатысты заңдарын айналып өтіп, миллиондаған доллар табысын жасырды деген айып тағылды. Манафорттың ісі бойынша басталған сотта прокурорлар оның 60 миллион доллар табыстан салық төлемегенін мәлімдеді.

Манафорттың ісі бойынша сот процесі 31 шілдеде басталды. Федералдық тергеушілер оны Украинадағы жұмысынан тапқан миллиондаған доллар табысын аударып, жасыру үшін үш елде банктерден 30-дан астам есепшот ашып, салықтық алаяқтық жасады деп айыптайды. Манафортқа барлығы 18 пункт бойынша айып тағылған.

Пол Манафорттың ісі Мәскеу мен Трамптың сайлауалды штабы арасындағы ықтимал астыртын сөз байласуға қатысты алғашқы сот болып отыр. Тергеуді арнайы прокурор Роберт Мюллер жүргізіп жатыр.

2017 жылы қазанда Пол Манафорт пен оның іскерлік серігі Рик Гейтс алғаш тергеуге іліккен. Олар АҚШ-қа қарсы құпия сөз байласып, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович пен оның "Аймақтар партиясының" мүддесіне жұмыс істеген деп айыпталған. Гейтс өзіне тағылған айыпты мойындап, Манафорт терістеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG