Accessibility links

БАҚ: Африкада Ресей журналистерін өлтірерден бұрын тергеген


Оңтүстік Африка Республикасында қаза тапқан ресейлік журналистер: (солдан оңға қарай) Александр Расторгуев, Кирил Радченко және Орхан Джемальдің портреттері. Мәскеу, 1 тамыз 2018 жыл.
Оңтүстік Африка Республикасында қаза тапқан ресейлік журналистер: (солдан оңға қарай) Александр Расторгуев, Кирил Радченко және Орхан Джемальдің портреттері. Мәскеу, 1 тамыз 2018 жыл.

Михаил Ходорковскийдің журналистік жобасы - "Зерттеулерді басқару орталығы" (ЗБО) Орталық Африка Республикасында ресейлік журналистердің қазасына дербес зерттеу жүргізе бастады. Бұл туралы жобаның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченко Африкаға осы ЗБО жобасы үшін "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы туралы деректі фильм түсіруге барған.

Шілденің 31-і күні Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) ресейлік журналистердің қаза тапқаны мәлім болған. Болжам бойынша, олар мінген көлікті Банги қаласына жақын маңда атқылаған болуы мүмкін. Бұған қоса әлдекімдер оларды тонағысы келген болуы керек деген де долбар айтылды. ЗБО-ның хабарлауынша, журналистердің видео және фотоаппаратуралары, сонымен бірге тоғыз мың доллар ақшасы болған.

Ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, шабуылға жергілікті "Селека" террорлық тобының қатысы болуы мүмкін. Журналистерді өлтірерден бұрын содырлар оларды тергеген деген мәлімет бар.

Орхан Джемаль, Александр Расторгуев және Кирилл Радченконың денелерін Ресейге 4 тамызда жеткізеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG