Accessibility links

Манафорт сотында "Украинадан алған қаржыны жасыру" туралы айтылды


Рик Гейтс, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы қызметкері. Вашингтон, 11 желтоқсан 2017 жыл.
Рик Гейтс, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы қызметкері. Вашингтон, 11 желтоқсан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорттың бизнестегі серігі Рик Гейтс сотта Манафортқа украиналық клиенттерінен алған миллиондаған доллар қаржысын жасыруға қалай көмектескенін айтып берді. Бұрын өзі де Трамптың сайлауалды штабында жұмыс істеген Рик Гейтс 6 тамызда Вашингтон түбіндегі сотта алғаш рет жауап берді. Гейтстің сөзінше, ауқатты украиналық бизнесмендер Манафортқа саяси кеңес бергені үшін миллиондаған доллар ақша төлеген. Қаржы Манафорттың негізінен Кипрде ашқан есепшоттарына түсіп отырған.

Прокурорлар Манафортты украиналық клиенттерінен алған 60 миллион доллардан астам қаржының көбін жасырып, салық төлеуден жалтарды деп айыптайды.

Қаржы төлеу қитұрқылықтары туралы жауап берген Гейтс "Манафорт өзіне украиналық бизнесмендер қаржыны жасыру үшін Кипрде есепшот ашуға тапсырма берді" деп айтқанын хабарлады. "Манафорттың өтініші бойынша, біз шетелдік банк есепшоттары туралы ақпаратты америкалық салық органдарына хабарламадық" деді Гейтс.

Рик Гейтс 2018 жылдың басында астыртын сөз байласты деп айыпталып, кейін жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлармен жұмыс істесе бастаған. Гейтс Манафорт екеуі шетелдік банктегі Украинадан ақша аударылған есепшоттарды қадағалағанын мәлімдеді. Гейтстің сөзінше, есепшотты Манафорттың жақын бизнес серігі әрі саяси кеңесші Константин Килимник те қадағалаған. Биыл маусымда оған Пол Манафорттың ісіне байланысты куәгерлерге қысым жасады деген айып тағылған.

АҚШ арнайы прокуроры, Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін тергейтін Роберт Мюллер Константин Килимкинді Ресей барлау қызметімен байланысы бар деп айыптайды. Килимкин айыптауды терістейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG