Accessibility links

Тәжікстан журналисі Хайрулло Мирсаидов қамаудан босады


Хайрулло Мирсаидов, Тәжікстан журналисі.
Хайрулло Мирсаидов, Тәжікстан журналисі.

Тәжікстанның кассациялық соты журналист Хайрулло Мирсаидовты қамаудан босатты. Asia Plus басылымының мәліметінше, кассациялық сот Мирсаидовты 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қоғамдық жұмыс және 80 мың сомони (8,5 мың доллар) айыппұл төлеу жазасымен алмастырған.

"Сот шешіміне сәйкес, мен ешқандай қылмыс жасамасам да, әлі қылмыскер болып есептелемін. Мен бұл сот шешіміне де қарсы шағымданамын. Өзіме тағылған барлық айыпты алып тастауын талап етемін", - деді Хайрулло Мирсаидов сот залынан шыққаннан кейін Озоди радиосына (Азаттықтың Тәжік қызметі) берген алғашқы сұқбатында.

Әлеуметтік желілерде журналисті қолдауға арналған акция жүріп жатыр.

Әлемнің әр түкпірінен адамдар журналистің суреті мен #FreeKhayrullo деп жазылған плакаттар көтеріп, әлеуметтік желілерге жариялап жатыр.

2018 жылдың шілде айында Худжанд қалалық соты Хайрулло Мирсаидовті 12 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарған. Сот оны бюджет ақшасын талан-таражға салды және жалған құжат әзірледі деп айыптаған. Журналист сонымен бірге 124 мың сомони (13,5 мың доллар) айыппұл төлеуге міндеттелген. Бұл қаржыны оның туыстары толық төлеген.

Human Rights Watch халықаралық ұйымы тәжік билігінен журналисті тез арада босатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG