Accessibility links

Қазақстан Азия ойындарында екінші алтынға ие болды


Алексей Луценко (ортада) Азия ойындарының марапаттау рәсімінде. (Сурет авторы - Сали Сабиев/Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті)
Алексей Луценко (ортада) Азия ойындарының марапаттау рәсімінде. (Сурет авторы - Сали Сабиев/Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті)

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхони иеленді.

Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған.

23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова, стенда атудан Мария Дмитриенко қола медаль иеленді.

Александра Опачанова Азия ойындарында. 23 тамыз 2018 жыл
Александра Опачанова Азия ойындарында. 23 тамыз 2018 жыл

Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG