Accessibility links

Бағлан Ибрагим - самбодан Азиада чемпионы


Бағлан Ибрагим (қызыл формада) Азия ойындарында. Джакарта, 31 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Сали Сабиров, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті).
Бағлан Ибрагим (қызыл формада) Азия ойындарында. Джакарта, 31 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Сали Сабиров, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті).

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындаында қазақстандық Бағлан Ибрагим самбодан ерлер арасында 52 келіде алтын жүлдеге ие болды. Ол финалда моңғолиялық Эрденбаатар Шаалууды жеңді.

Ибрагим жартылай финалда тәжікстандық Хасани Джомиден, Шаалуу қазақстандық Бейімбет Қанжановтан басым түскен. Қанжанов бұл салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазір Қазақстан 12 алтын, 11 күміс, 39 қоламен жалпы есепте 9-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG