Accessibility links

Ділдәш Құрышбаева Азиадада алтын жүлдеге ие болды


Ділдәш Құрышбаева Азия ойындарында жеңіске жеткен сәт.
Ділдәш Құрышбаева Азия ойындарында жеңіске жеткен сәт.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындаында қазақстандық Ділдәш Құрышбаева самбодан әйелдер арасында 48 келіде алтын жүлдеге ие болды. 24 жастағы балуан финалда өзбекстандық Нулифар Давлетованы жеңді.

Ал ерлер арасында 90 келіде қола қазақстандық Әлібек Зекенов қола медаль алды. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде тағы бір қазақстандық Айбол Айтбектен басым түсті.

Қазақстан самбо құрамасы бұл Азия ойындарында екі алтын, үш қола медаль алды. 31 тамызда Бағлан Ибрагим ерлер арасында 52 келіде жеңіске жеткен.

Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 14 алтын, 16 күміс, 43 қоламен жалпы есепте 8-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG