Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды. Олар финалда Жапония құрамасын жеңді - 7:8.
Қазақстан құрамасы ойын барысында 2:5 есебімен жеңіліп жатқан. Соңғы таймда есепті теңестіріп, ойын аяқталуға екі минут қалғанда Қазақстан ойыншысы Рустам Укуманов жеңіс голын салды.
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы 1994, 1998, 2002, 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарында да чемпион атанған. 2006 жылғы Азия ойындарында Жапония чемпион болып, Қазақстан қола иеленген.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 43 қоламен жалпы есепте 9-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.
ПІКІРЛЕР