Дональд Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болған кезде оның сайлауалды штабында шетел мәселелері бойынша көмекші қызметін атқарған Джордж Пападопулос 14 тәулікке абақтыға жабылды. Сот оны 2016 жылғы АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің ықтимал араласуына қатысты іс бойынша 2017 жылы қаңтардың 27-і күні Федералдық тергеу бюросына жалған куәлік бергені үшін айыпты деп таныған.
Былтырғы жылы қазанда Пападопулос жалған куәлік бергені үшін өзін айыпты деп таныған, ол Ресей өкілдерімен байланысын жасыруға немесе оларды болмашы етіп көрсетуге тырысқан. Ресей өкілдерінің бірі Трампқа оның саяси бәсекелесі, Демократиялық партиядан сайлауға қатысып жатқан кандидат Хиллари Клинтон туралы әшкерелейтін ақпарат ұсынған.
Өткен айда АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллер сотқа Дональд Трамптың сайлау штабының бұрынғы кеңесшісі Джордж Пападопулосты алты айдан аспайтын мерзімге абақтыға отырғызып жазалауды ұсынған.
ПІКІРЛЕР