Accessibility links

Пәкістан экс-премьері Наваз Шариф кепілге босатылды


Пәкістан экс-премьері Наваз Шарифтің жақтастары оның суретін ұстап Исламабад Жоғарғы сотының алдында тұр. Исламабад, 19 қыркүйек 2018 жыл.
Пәкістан экс-премьері Наваз Шарифтің жақтастары оның суретін ұстап Исламабад Жоғарғы сотының алдында тұр. Исламабад, 19 қыркүйек 2018 жыл.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі, биыл шілдеде сыбайлас жемқорлық айыбымен он жылға сотталған Наваз Шариф қамаудан кепілге босатылды. Пәкістандық шенеуніктің хабарлауынша, Наваз Шариф Равалпинди гарнизон қалашығындағы түрмеден 19 қыркүйек күні кешке босады. Телеарнадан көрсетілген кадрларда Наваз Шарифтің жақтастарының оның көлігіне гүл шашып жатқаны көрінеді. Исламабад соты апелляциялық алқасының шешімі бойынша сонымен қатар экс-премьердің қызы Мариям Наваз бен оның күйеуі Мухаммад Сафдар да босатылды.

Бұған дейін Исламабад соты Наваз Шариф пен оның қызы және күйеубаласын олар 500 мың рупий (шамамен төрт мың доллар) кепіл төлеген соң қамаудан босату туралы шешім шығарған. Ресми органдардың хабарлауынша, Наваз Шариф пен оның туыстары кейін әуежайға жеткізілген.

Бұған дейін Исламабад жоғарғы соты экс-премьер мен оның туыстарын кепіл төлеп босату туралы қаулы шығарған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG