Accessibility links

Судья: Ерімбетов ісі созылып кетті


Ескендір Ерімбетов сот залында. Алматы, 15 тамыз 2018 жыл.
Ескендір Ерімбетов сот залында. Алматы, 15 тамыз 2018 жыл.

"Алаяқтық" айыбы бойынша қамауда отырған кәсіпкер Ескендір Ерімбетов ісіне байланысты сот отырысы енді күн сайын өтеді. 28 қыркүйекте судья Тәкен Шәкіров осындай шешім шығарды. Ол процесс өте ұзаққа созылып кеткенін, іс өнбей жатқанын айтты. Судья бұл шешімді ешкіммен ақылдаспай, өзі қабылдаған.

Бүгінгі сот отырысына Ерімбетовтің өзі "денсаулығы нашарлауына" байланысты келмеді. Судья жауап алуы тиіс болған куәгерлер де келмеді.

Қазір соттың куәгерлерден жауап алу кезеңі өтіп жатыр. Ерімбетовтің адвокаттары айыптау актісін жасаған тергеушілерді шақырып, "кейбір түсініксіз терминдерді" түсіндіріп беруді сұраған.

Ерімбетов 2017 жылдың қараша айынан бері қамауда отыр. "Алаяқтық" бабы бойынша іс 14 маусымда басталған. Ал "ақша жылыстату" туралы екінші айыпқа қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр. Екінші істе қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов пен Ерімбетовтің әпкесі, Әблязовтің заңгері болған Бота Жәрдемәлінің аттары аталған.

Кейбір құқық қорғау ұйымдары Ескендір Ерімбетовке байланысты істің саяси астары бар деп мәлімдеген. Қазақстан билігі бұл мәлімдемені теріске шығарады.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG