Accessibility links

Солтүстік Корея: АҚШ-қа сенбейінше ядролық қарудан бас тарта алмаймыз


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуі. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуі. Сингапур, 12 маусым 2018 жыл

Солтүстік Корея АҚШ-қа сенбейінше, ядролық қарусыздану процесін бастамайды. 29 қыркүйекте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ен Хо осылай деп мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, АҚШ бастаған Пхеньянға салынған санкциялар өзара сенімді қалыптастырмайды.

Әйткенмен Ли Ен Хо Сингапурда жазда болған АҚШ-Солтүстік Корея басшыларының саммитін өзара келісімнің "ілгерілеуі" деп атап өтіп, Пхеньянның ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесудің сәтті өткенін айтып, бірақ Солтүстік Корея қарудан бас тартатынын іс жүзінде дәлелдемейінше санкция күшінде қала беретінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG