Accessibility links

Федералдық жазаны атқару қызметі: Сенцов аштықты тоқтатты


Олег Сенцовты Лабытнанги ауруханасында дәрігер қарап жатқан сәт. Суретті 29 қыркүйек күні Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық округінің Федералдық қылмысты атқару қызметі таратқан.
Олег Сенцовты Лабытнанги ауруханасында дәрігер қарап жатқан сәт. Суретті 29 қыркүйек күні Ресейдің Ямало-Ненец автономиялық округінің Федералдық қылмысты атқару қызметі таратқан.

Ресей Федералдық жазаны атқару қызметі директорының орынбасары Валерий Максименко украиналық режиссер Олег Сенцовтың аштықты тоқтатқанын мәлімдеді. 42 жастағы Сенцов 2018 жылы 14 мамырда Ресейдегі барлық украин саяси тұтқындарын босатуды талап етіп, аштық акциясын бастаған.

"Мен оған (Сенцовқа - ред.) ары қарай да өмір сүру керегін, өмір жалғасатынын түсіндіре алған дәрігерлер мен адвокатқа алғыс айтамын. Оны ақырында біздің дәрігерлер, мамандарымыз көндірді. Ол өмірді таңдады" деді Максименко.

Сенцовтің адвокаты Дмитрий Динзе Федералдық жазаны атқару қызметінің хабарламасына әзірге комментарий бермеді.

Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі.

Қыркүйектің 29-ында Олег Сенцовтың Лабытнаги қаласындағы ауруханаға жеткізілгені хабарланған. Бұдан ертерек адвокат Дмитрий Динзе Олег Сенцов өзін күштеп тамақтандыруы мүмкін екенінен қауіптеніп, ауруханаға жатудан бірнеше рет бас тартқанын айтқан.

Жүзден астам Халықаралық ұйым Ресейден Сенцовты босатуды талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG