Accessibility links

Атамбаевтың экс-кеңесшісі Илмияновты Мәскеуде ұстаған


Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмиянов.
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі Икрамжан Илмиянов.

Қырғызстанның бұрғынғы президентінің кеңесшісі Икрамжан Илмияновтың Мәскеуде ұсталып, Бішкекке жеткізілгенін Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) ресми өкілі Рахат Сулайманов растады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі. Алайда МҰҚК өкілі Илмияновтың қашан, қай уақытта және қандай жағдайда ұсталғаны туралы ақпарат беруден бас тартқан.

Бұған дейін Бішкектің Первомай аудандық соты Икрамжан Илмияновты сырттай қамауға алу туралы шешім шығарғаннан кейін Илмияновқа іздеу жарияланғаны хабарланған. Ол 2018 жылдың маусым айында елден шығып кетіп, содан бері оралмаған.


Икрамжан Илмиянов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ең сенімді адамы саналады. Атамбаев президент болған жылдары Илмияновтың мансабы бірден өскен. 2010 жылы Атамбаев премьер-министр болып тұрғанда оның кеңесшісі болған Илмиянов кейін Атамбаев президент болып сайланғаннан кейін президент аппараты басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

Алмазбек Атамбаевтың президенттік өкілеті былтыр қарашада аяқталған. Содан бері Атамбаев пен оның орнына сайланған президент Сооронбай Жээнбековтің қарым-қатынасы біраз нашарлаған. 2017 жылы Атамбаев президент сайлауының қарсаңында сол кезде премьер-министр болып тұрған Жээнбековті "досым" деп атаған.

Биыл маусымда Атамбаев жақын екі серігі - бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Жанторо Сатыбалдиев ұсталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG