Тәжікстанның ұлттық банк төрағасы Джамшед Нурмухаммадзода еңбек мигранттары аударатын қаржы көлемінің азаюы ел экономикасына елеулі әсер етіп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі жағдай қосымша жобаларды қаржыландырудан бас тартуға мәжбүрлеп отыр.
Бұған дейін халықаралық қаржы институттары Тәжікстан экономикасының еңбек мигранттарынан келетін қаржыға тәуелді екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Өткен айда Тәжікстан билігі еңбек мигранттарынан инвестиция тарту бойынша арнайы қор құруды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Тәжікстанның инвестициялық жағдайын жақсарту бойынша кеңестің хатшысы Шараф Шерализода “Түскен қаржының барлығы орталық қорға барады және қаржының жұмсалуы қатаң бақыланады” деп айтқан.
Оқи отырыңыз: Тәжікстан банктері борышкер мүлкін сотсыз алуға құқылы болды
Ресей орталық банкінің дерегінше, жыл басында Ресейден Тәжікстанға жіберілетін қаржы көлемі 2017 жылғы есеп бойынша 2016-мен салыстырғанда 600 миллион долларға көбейіп, жалпы 2,5 миллиард долларды құраған. Мамандар есенбінше, бұл Тәжікстанның жалпы ішкі өнімінің 37 пайызын құрайды.
ПІКІРЛЕР