АҚШ әскери қызметкерлері атынан тіркелген ондаған Twitter аккаунттардың шын мәнінде ресейлік агенттермен ("тролльдар фабрикасы" деп те аталады - ред.) байланысы бар. Бұл туралы "Америка дауысы" радиосына АҚШ-тың әскери шенеунігі мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, өздерін "әскери қызметкерміз" деп көрсеткен аккаунт иелері америкалық әскерилермен байланысқа түсіп, үкіметке қарсы арандатпақ болған.
Америкалық шенеуніктердің айтуынша, "Пентагонмен байланысы бар" делінген, бірақ шын мәнінде Ресейден басқарылатын 39 аккаунтты таяуда Twitter әкімшілігі жауып тастады. Сонымен бірге, дәл осындай жалған аккаунттарды да Facebook желісінен байқауға болады.
Бұл ақпарат Конгресске аралық сайлауға бірнеше күн қалғанда жарияланып отыр. Америкалық шенеуніктер бұған дейін Мәскеу сайлау процесіне ықпалын жүргізуге тырысып жатыр деп мәлімдеген.
Twitter желісі таяуда 10 мыңға жуық күдікті аккаунтты жойды. Олар АҚШ-тың Демократиялық партиясы атынан халықты аралық сайлауға қатыспауға үндеген.
ПІКІРЛЕР