Accessibility links

"ДХР" мен "ЛХР" басшылары "сайланды"


Денис Пушилин (сол жақта) мен Леонид Пасечник.
Денис Пушилин (сол жақта) мен Леонид Пасечник.

Украина шығысында өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" (ДХР) мен "Луганск халық республикасындағы" (ЛХР) сайлауда сепаратистер лидері Денис Пушилин мен Леонид Пасечник жеңді. Бұл туралы мойындалмаған "ДХР" мен "ЛХР" сайлау комиссиясы хабарлады.

Пушилин 62 пайыз, Пасечник 68 пайыз дауыс жинаған. Екеуі бұған дейін кафедегі жарылыс кезінде өлген Александр Захарченко мен отставкаға кеткен Виктор Плотницкийдің орнын басады.

Оқи отырыңыз: Украина дағдарысы туралы барлық ақпарат

Еуропа Одағы, Украина, АҚШ Донбасстағы бұл сайлауды заңсыз деп атап, оның нәтижелерін мойындамайтындарын мәлімдеген.

2014 жылдың көктемінен бері Украина шығысындағы Донбасс және Луганск облыстарының біраз бөлігі ресейшіл сепаратистер қолында тұр. Бұл аймақтағы қақтығыстан 10 мыңнан астам адам қаза болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG