Еуропа парламентінің депутаттары америкалық Amazon компаниясының басшысы Джефф Безосты советтік символ салынған тауарларды сатпауға шақырды. Депутаттар әлемдік интернет көшбасшыларының бірінің мұндай символды таратуы советтік режим құрбандарын құрметтемеу болады деп санайды
Арасында бұрынғы СССР ықпалында болған елдердің өкілдері де бар Еуропарламенттің 27 депутаты ашық хатта бүгінде келмеске кеткен Совет одағымен байланыстырылатын орақ пен балға белгісі бар тауарларды Amazon платформасында сатуды доғаруды талап еткен. Хатта әлгіндей белгі мысалы, жейделерде, костюмдерде, тулар мен кәдейсый ретінде сатылатын тауарларда бары айтылған.
Еуропалық депутаттар ашық хатта советтік режим құрбандарының саны 60 миллионды құрайтынын, ал СССР-де тағы 10 миллион адамның депортацияланғанын, қуғын-сүргінге ұшырағандардың «адам төзгісіз жағдайда мәжбүрлі жұмысқа жегіліп, аштық пен психологиялық қысымнан азап шеккенін» атап көрсеткен.
Оқи отырыңыз: Санадағы совет символдары
Қыркүйек айында америкалық ең ірі көтерме және бөлшек сауда желісі Walmart тұтынушылар тарапынан айтылған сыннан кейін орақ пен балға белгісі бар киімдерді сатуды доғаратыны туралы мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР