Accessibility links

Сот ҮЕҰ-ның БН-350 реакторына қатысты шығымын қарамады


Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Борашева мен облыстық тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Никар Рафикова (оң жақта) сотта тұр. Ақтау, 20 қараша 2018 жыл.
Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айгүл Борашева мен облыстық тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Никар Рафикова (оң жақта) сотта тұр. Ақтау, 20 қараша 2018 жыл.

Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының "МАЭК Қазатомөндіріс" компаниясы үстінен түсірген шағымын қарамады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы өзге үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен соттан электр қуатының тарифінен компания меншігіндегі БН-350 реакторының күтіміне жұмсалатын шығынды алып тастауды талап етеді.

20 қараша күні өткне сотта тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Никар Рафикова тұрғындардың электр қуатының әр киловатына төлейтін ақшасының 20 тиыннан астамы реактордың күтіміне жұмсалатынын айтып, компаниядан бұл сома қайдан шыққанын сұрады. Олар 2003 жылы МАЭК (Маңғыстау атом энергиясы комбинаты) "Қазатомөндіріс" компаниясының еншілес кәсіпорны болып құрылғалы бері реактордың күтіміне жұмсалатын шығынды тариф есебінен алып тастауға амал жасамағанын айтты. Белсенділер 1999 жылы жұмысы тоқтатылған реактор компанияның жекеменшігі екенін айтып, шығынды электр қуаты тарифінен алып тастауды талап етті.

"МАЭК Қазатомөндіріс" өкілдері Берқайыр Нұршаханов пен Нұрлан Бейсембаев бұл мәселені шешу 2006 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын айтты. Олардың сөзінше, бұл мәселеде үкімет және министрліктермен арада талай хат жазылып, басқа қаржы көзі табылмағандықтан реактор күтімінің шығынын тұрғындар есебінен өндіру туралы шешім қабылданған. Олар компания реактор шығынын электр қуаты тарифінен өздігінен алып тастай алмайтынын да жеткізді.

Судья Айгүл Борашева екі жақты тыңдап болған соң ҮЕҰ-ның шамығын қарамау туралы шешім шығарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG