Accessibility links

Порошенко Германияны Қара теңізде ықпалын арттыруға шақырды


Украина президенті Петр Порошенко (оң жағында) және қорғаныс министрі Степан Полторак (сол жағында). Киев, 1 желтоқсан 2018 жыл
Украина президенті Петр Порошенко (оң жағында) және қорғаныс министрі Степан Полторак (сол жағында). Киев, 1 желтоқсан 2018 жыл

Украина президенті Петр Порошенко Германияны және оған одақтас елдерді Қара теңізде әскери ықпалын арттыруға шақырды. Оның айтуынша, бұл теңіздегі Ресей агрессиясын шектеуге мүмкіндік береді. Немістілді Funke Media Group басылымына берген сұхбатында ол Германияны “Солтүстік ағыс – 2” энергетикалық жобасының құрылысын тоқтатып, Ресейге қарсы санкция енгізуге шақырған.

Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында Порошенко ресейлік кемелерді еуропалық порттарға кіргізбеуге шақырған. Сонымен бірге Украинаны әскери, саяси және экономикалық тұрғыда қолдауды ұсынған.

Украина басшысы Керчь жанжалында Киевті қолдағаны үшін Еуропа елдеріне алғыс айтты. Порошенко Солсберидегі ресейлік бұрынғы тыңшының улануына қатысты оқиғаға Еуропа елдері қалай реакция танытса, бұл жолы да сондай ынтамақтастық танытуы тиіс деп санайды. Ұлыбританияның Солсбери қаласында ресейлік бұрынғы тыңшы Сергей Скрипаль мен оның қызы уланғаннан кейін батыс елдері Кремльді айыптады. Шамамен 30 ел қарсылық ретінде 150 Ресей дипломатын елден қайтарды.

25 қарашада Керчь бұғазында Ресей әскерилері украин кемелерін атқылап, екі әскери кеме, бір буксирді ұстаған. Бірнеше адам жараланған. Екі ел бір-бірін "оқиғаға кінәлі" деп айыптады. Қазір екі елде де оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұған дейін батыс елдері Ресейді украин теңізшілерін босатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG