Accessibility links

Украина полициясы православ шіркеулеріне тінту жүргізді


Украин православие шіркеуінің қызметкерлері. Көрнекі сурет.
Украин православие шіркеуінің қызметкерлері. Көрнекі сурет.

Украина полициясы бірнеше қаладағы православ шіркеулері мен дін қызметшілерінің үйін тінту жүргізген.

Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Киев пен Житомир облысындағы бұл тінтулер алауыздық пен зорлықты қоздыру баптарымен қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген.

Полицияның баспасөз хатшысы басылымдардың біріне "полиция Ресей православ шіркеуіне адал дін қызметкерлерінің үйі тінтіп жатқанын" айтқан.


Бұған дейін Орыс православ шіркеуі Украинадағы 20 православ дін қызметкерін Украина қауіпсіздік қызметі шақырып, тергегенін хабарлаған.

Православ христиан шіркеулерінің негізгісі саналатын Түркиядағы орталық биыл Украин православ шіркеуіне Орыс шіркеуінен бөлініп, тәуелсіздік алуға рұқсат берген.

Орыс шіркеуі бұған наразылық танытып, Түркиядағы орталықпен байланысын үзген.

Украин шіркеуі тәуелсіздік алып, Орыс шіркеуінен бөлінген соң Киев пен Мәскеу православ шіркеулері арасында Украинадағы шіркеулер, монастырлар мен тарихи нысандар кімге тиесілі деген дау туған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG